TikTok Қазақстандағы мұғалімдерге арналған конкурсты іске қосады
TikTok платформасы Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялайды. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.
TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.
TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндігі туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.
Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімі шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуы тиіс.
Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:
Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.
Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.
Үздік бейнеролик. Бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Оқи отырыңыз