KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Шығыста өсірілген соя мен жүгері экспортқа шығады

29.11.2019, 03:43 218

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірдің тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндірудегі әлеуеті жоғары.

Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі саласы болып ауыл шаруашылығының республикалық жалпы өнімі көрсеткішінде 62,3 пайыздық үлесі бар мал шаруашылығы саналады. Сонымен қатар өңір сүт, бал, панты және күнбағыс майын өндіруден 1-ші орын алса, ет өндіру бойынша 2-ші орында.

АӨК дамуындағы басты міндет – өсімдік шаруашылығын экспортқа бағытталған өнім шығаруға бағыттау. Бұл – бірінші кезекте, соя өндіру. Сарапшылар Қытай Халық Республикасы нарығының соя қабылдау көлемін 97 млн. тоннаға (немесе шамамен 60 млрд. АҚШ долларына) бағалап отыр. Өздерінде өсетін соя дақылдары қажетті көлемді 9 есеге дейін жаба алмайды, ал егістік алқаптарын ұлғайтуға оларда мүмкіндік жоқ. Шығыс Қазақстан ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районымен шекаралас орналасқандықтан, сояны қажетті мөлшерде өсіріп, экспорттауға барлық мүмкіндігі бар. Нарық жағдайын ескере отырып, өңір аталмыш дақыл түрін өсіруді молайтып, экспорт көлемін ұлғайтуға кезекті қадамдар жасауда. Жүгері дақылын өсіруде де осындай жұмыстар қолға алынған. 2016 жылға дейін Қытайдағы жүгері өсіру ішкі сұраныстан жоғары болып келген еді, алайда 2017 жылдан бастап оның тұтыну деңгейі күрт жоғарылап, ішкі өнімнен 12,4 млн. тоннаға асып кетті.

Қазіргі уақытта Қытайда жүгерінің ішкі нарықтағы тұтыну деңгейінің өсуіне орай аталмыш дақылдың бағасы да көтеріліп, импортталатын өнімнің көбеюіне жол ашты. Осылайша, жыл сайын ҚХР 3 млн. тоннаға жуық жүгеріні шеттен импорттайды. Жүгері дәніне деген сұраныстың өсуіне байланысты ҚХР-дың ШҰАР нарығына кіру үшін Шығыс Қазақстанның жүгері алқаптарын 2020 жылы 10,2 мың гектарға (2019 жылмен салыстырғанда 57 пайызға жоғары), ал 2024 жылға қарай 12,8 мың гектарға (2019 жылмен салыстырғанда алқаптар 2 есеге ұлғаяды) жеткізу жоспарлануда. Осылайша, жүгерінің жиналатын жалпы көлемі 32,1 мың тоннаға жетпек.

– Біз соя мен жүгері алқаптарын ұлғайту бойынша шеберлік жоспарын жасадық. 2024 жылға қарай егістік алқаптарын 4,2 есеге, дақылдардың жиналатын жалпы көлемін 6,5 есеге, өнімді экспорттауды 10 есеге арттырамыз. Соя мен жүгері өсірудің тек облыстың ғана емес, сондай-ақ еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Өңірде қажетті құнарлы жер мен өндірістің қаражаты жеткілікті, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу