«Астана»-«Манчестер Юнайтед» ойынын қайдан көруге болады?

28 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін елордалық клуб пен «қызыл сойқандар» арасындағы матчты Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ойын Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өтетіндігі белгілі.
Теңбілдоп жанкүйерлеріне мәлім, екі команданың алғашқы кездесуі «Олд Траффордта» өтіп, 1:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына шешілген еді.
Турнирлік кестеде «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен топ бастап тұр. «Астананың» еншісінде әзірге ұпай жоқ.
Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:50-де басталады. Сондай-ақ ойынды qazaqstan.tv cайты мен «Қазақстан» РТРК АҚ-ның QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға болады.