Семейдегі мәшине шебері клиентінің көлігін теуіп кетіп қалған
Затон полиция бөліміне автокөліктің жоғалғаны туралы 48 жастағы тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші өзінің "Шевролет" маркалы автокөлігін техникалық қызмет көрсету стансаларының біріне жөндеу жұмыстары үшін қалдырғанын айтты.
Көліктің артынан оралғаннан кейін өтініш беруші оның жоғалғанын анықтады. Шығын сомасы 3000000 теңгені құрады.
Оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келіп жетті. Полиция қызметкерлері арыз берушіге және оқиғаның куәгерлерін сұрастырды. Ұрланған автокөліктің белгілері бар бағдар барлық полиция нарядтарына жіберілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған автокөлік Техникалық қызмет көрсету станциясының жақын маңынан тапты. Рульде осы ТҚС-ның 46 жасар автомеханигі болған.
Қаскүнем көлік құралын айдап кеткені туралы түсіндірді.
"Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді Семей қалалық полиция Басқармасының бастығы Елубек Оспанов.