KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"№17 автобус өте сирек жүреді". Даниал Ахметов мәселені қадағалауды тапсырды

21.11.2019, 06:11 231

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көпбалалы ананың өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақ басшысы өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Алғашқылардың бірі болып қабылдауға кірген Жадыра есімді көпбалалы ана:

– Ең бірінші баспана кілті қашан қолымызға тиетінін нақтылап алсам. Екіншіден, мен №48 мектепте еден жуушы болып жұмыс істеймін. Денсаулық жағдайыма байланысты бұл жұмыс маған ауыр. Осыған қандай да бір көмек бола ма? Сондай-ақ қазіргі уақытта ЖМК ауданында тұрып жатырмын. Бізге қатынайтын №17 автобус өте сирек жүреді. Күннің суығында тұрғындарға аялдамада қоғамдық көлікті сағаттап күту оңай емес, – деді.

Даниал Кенжетайұлы көпбалалы ананың баспана мәселесімен бұған дейін таныс болса керек:

– Пәтер кілтін алдағы жылдың жазына дейін міндетті түрде аласыз, – деп шегелеп айтты.

Сондай-ақ Жадыра Құсайынованың жұмысын жеңілдетуге байланысты қала басшылығына тікелей тапсырма берді. Ал №17 автобустың жұмысын қадағалап, реттеуді жиынға қатысып отырған Өскемен әкімінің орынбасары Тамара Рахимжановаға тапсырды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу