«Торпедо» бұрынғыдай 10-шы орында
Жоғарыхоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Учалы қаласының «Горнягін» қабылдаған «Торпедо» ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дегенмен өскемендік ұжым турнир кестесінде жоғары көтеріле алған жоқ. Қоржынында28 ұпайы бар «Торпедо» бұрынғыдай 10-шы орында орналасуда. Ал бұл жолғы матчта командамызғажеңісті шабуылшылар Евгений Рымарев (дубль), Денис Игнашин, Дмитрий Гренц пенКирилл Полозовтың дәл соққылары әперді. Есеп 5:2.
Бүгін кешке жерлестеріміз ЖХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынынашығады. Борис Александров атындағы спорт сарайында өтетін бұл кездесудекомандамызға Ор қаласының «Южный Уралы» қарсылас атанбақ.
Еске салайық, осының алдында Алексей Ждахин шәкірттері өз айдынында Қорғанның«Зауральесімен» кездесіп, қарсыласына 0:2 есебімен жол берген болатын.