«Торпедо» алтыншы орынға көтерілді
Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Пермь қаласында жергілікті «Молот-Прикамьемен» шеберлік байқасқан «Торпедо» тағы бір жеңіске жетіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.
Қазір өскемендік ұжым қоржынында 20 ұпай бар. Пермь қаласында өткен матчта «Торпедоға» жеңіс әперген шабуылшылар Александр Тарасов пен Евгений Рымаревтің дәл соққылары болды. Есеп 2:1.
Ертең кешке жерлестеріміз ЖХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынына шығады. Ижевск қаласында өтетін бұл кездесуде командамызға жергілікті «Ижсталь» қарсылас атанбақ.
Еске салайық, осының алдында Алексей Ждахин шәкірттері Ресейдің Новокузнецк қаласында жергілікті «Металлургпен» қос кездесу өткізіп, оның бірінде қарсыласына жол берсе (3:6), бірінде жеңіске жеткен (3:2) болатын.