Сәтпаев даңғылы тағы жабылады – Өскемен
Бүгін Өскемендегі Халифа Алтай мешітінің алдындағы жаяулар көпірі орнатылады. Осыған байланысты жол кептелісі болуы мүмкін, деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметік желідегі парақшасында.
Суретте көрсетілгендей, көпір жұмысына байланысты көліктер айналма жолмен жүреді. Жұмыс кешкі сағат 21:00-ден ертеңгі 6:00-ге дейін жүргізіледі.
– Көліктер уақытша сол жағалау саябағының (этнопарк) ауласымен айналып жүреді. Кептелісті көбейтпеу үшін жүргізушілерден, мүмкіндік болса, Понтон көпірімен айналып жүруді өтінемін, – деп жазды Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз