Енді семейліктер үйіміз суық деп шағымданбайды - Жылукоммунэнерго
Енді семейліктердің үйлері қақаған қыста да ыстық болып тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Семей қаласындағы «Жылукоммунэнерго» мекемесінің мамандары мәлім етті.
Мамандардың айтуынша аталмыш мекеменің қазандықтары қысқа сақадай сай. Қазірдің өзінде шаһар бойынша небәрі 117 үй жылуға қосылмаған. Айта кететін тағы бір жайт, жылыту маусымына биыл қала бюджетінен 295 миллион теңге, ал «Жылукоммунэнерго» 150 миллион теңге бөлген.
– Жазда қазандықтардың көпшілігі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сондықтан қыста ешқандай мәселе туындамайды, – дейді «Жылукоммунэнерго» мекемесі директорының орынбасары Николай Демин.