Ашық жатқан кәріз құдықтарын көрсеңіз мына телефонға хабарласыңыз

Өскеменде ашық жатқан кәріз құдықтарын қала тұрғындарының берген хабары бойынша анықтап, қақпақтарын орнататын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жөнінде хабарды Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің филиалына (77-72-36 телефон номері бойынша), «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на (70-19-47 немесе 61-86-52 номерлері бойынша), «Өскемен Су арнасы» МҚК-на (53-16-61 номері бойынша) беруге болады.
Бүгінде Өскемен бойынша 25000 кәріз құдығы бар екен. Оның ішіне нөсер кәріздерінің, сумен жабдықтау, су тарту, жылумен қамту, телекоммуникация жүйелерінің кәріздері кіреді. Әр құдықтың жағдайына бас-көз болу мүмкін емес. Ал қазір қалада кәріз қақпақтарын ұрлау жиілеп кетті. Жыл сайын «Өскемен Су арнасы» кәсіпорнының өзі ғана 800 жаңа қақпақ сатып алады екен.
Осыған орай қалалық әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар қала тұрғындарын ашық жатқан кәріз құдықтары туралы хабар беруді сұрап отыр.