"Халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде ескеру үшін тікелей эфирге шығады". Тарбағатай
Тарбағатай ауданының бөлім басшылары Инстаграм желісінде тікелей эфирге шығатын болды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Бүгін қараша айының 11 күні сағат 18.00-де Инстаграм желісіндегі Тарбағатай Ауданы Әкімдігі (tarbagatai.audany) парақшасында тікелей эфир форматында Тарбағатай ауданының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Е.Қоңыртаевпен «АШЫҚ СҰХБАТ» жүргізіледі. Маман көрермендердің сұрағына жауап береді.
«Тарбағатай ауданындағы мемлекеттік органдар мен ауыл тұрғындары арасындағы байланысты жақсартуға, халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде ескеруге және мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың халыққа насихаттауға бағытталған «Ашық сұхбат» жобасы басталды», делінген ауданның Фейсбук желісіндегі парақшасында.
Бұдан былай жауапты мамандар кезекпе-кезек тікелей эфирге шығып тұрады.