KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, З
497.26 525.21 4.97

"Алаң бос болмай тұр" Өскемендіктер митингіге рұқсат сұрайды

8.11.2019, 08:47 167

 

Өскемен әкімдігіне қала белсенділері тарапынан экологиялық мәселеге байланысты бейбіт митинг өткізу үшін екі рет сұраныс түсті. Бірақ екеуіне де рұқсат берілген жоқ, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі yk.kz сайтына сілтеме беріп.

Белсенділер бұған дейін 26 қазан күні орталық алаңды сұраған. Ол күні жастар орталығының акциясы өтетіндіктен алаң бос болмаған. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жастардың іс-шарасы кейінге шегерілген.

Енді 9 қараша күні Амфитетарды сұрап отыр. Бірақ бұған да рұқсат етілген жоқ. Себебі онда скандинавиялық жүрістен мектеп оқушыларының арасында жарыс өтеді.

Белсенділердің айтуынша, олар зауыттардың жабылуын талап етпейді. Тек дәрі, жеңілдік және өтемақылардың берілуін сұрайды.

– Біз бұл митингті мүлде болдырмауды ойлаған емеспіз. Шынымен де, белгіленген іс-шараларға байланысты алаң бос болмай тұр. Уақыты да сай келмейді, – деді қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу