Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр (ВИДЕО)
Алматы қаласында бүгін бейбіт митингі өтіп жатыр. Қатысушылар сағат 10.00 шамасында "Сары Арқа" кинотеатрының апртындағы саябақта жиналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Митингті ұйымдастырушы - Әлнұр Ильяшев. Бұған дейін ол қала басшылығынан бейбіт митинг өткізуге рұқсат алған болатын.
Жиынға 200-ге жуық адам жиналды. Оларға митинг өткізу бойынша ережелер жазылған жаднамалар таратылып берілді. Кейбіреулер плакат ұстап келіпті. Арнайы трибунада қоғамшыл тұрғындар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
Белсенділердің бірінің айтуынша, елімізде қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбекақылары тең емес.