KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

ШҚО-дағы Первороссийское ауылының атауы өзгереді

8.11.2019, 07:55 162

Алтай ауданындағы Первороссийское ауылының атын өзгерту туралы қоғамдық тыңдау өтеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.

Ауылдық округ пен ауылдың атын өзгерту туралы қоғамдық тыңдау 30 қараша күні болады. Өтетін орыны – ауылдағы мәдениет үйі.

– Ұсыныс ауыл тұрғындарынан түсті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланып жатыр. 10 күн бұрын ауылға хабарландыру ілеміз, – дейді ауылдық округтің әкімі Александр Попукалов.

Тұрғындар ауылдың атын сол ауылды 1963-1994 жылдары басқарған, Социалистік Еңбек Ері Павел Тимофеевич Полянскийдің құрметіне Полянское деп атамақ.

Айта кетейік, Павел Полянский осы күні құрметті демалыста.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу