KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

"Ақшаңыз кепілде тұрады". Өскемендегі электронды билеттендіру жүйесі

7.11.2019, 04:17 81

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Өскемендегі электронды төлем картасы қалай пайдаланылатынын түсіндірді.

Маманның сөзінше, төлем картасы автобусқа да, трамвайға да жарайды. Оған ақшаны арнайы терминалдар арқылы аударасыз.

Айта кету керек, картаның өзін 280-300 теңгеге сатып аласыз. Бұл ақшаңыз сатып алған жеріңізде кепілде тұрады. Кейін картаны қайта өткізіп тастауға болады. Бұл қалаға уақытша келген жандарға ыңғайлы болмақ.

Басқарма мәліметінше, электронды билет енгізілгеннен кейін автобус пен трамвайлардағы жол ақасы көтерілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив