Семейде жол жүру билеті қымбаттауы мүмкін
2020 жылдан бастап Семейде жол жүру билеті қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Көлік секторына жауапты маман Гүлнар Теңізова мәлімдеді.
- 2020 жылдан бастап электронды билет жүйесін енгіземіз. Бұл дегеніміз, енді қала тұрғындары арнайы карталар арқылы төлем жасайды. Картамен жол жүру билетінің құны 80 теңге. Ал картасы жоқтар көбірек төлейді. Бірақ нақты бағасы әзірше белгісіз, - дейді Көлік секторына жауапты маман Гүлнар Теңізова.
Оқи отырыңыз