Семейдің автобустарында электронды төлем іске қосыла бастады
Қанатқақты жоба Семейдегі №5 автобустан бастау алған. Қазіргі уақытта жол ақысын үш жолмен төлеуге болады. Көлік картасын кондуктордан 400 теңгеге сатып алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жолаушы картадағы теңгерімді кондуктордан немесе терминалдан толтыра алады. Жол жүру ақысын төлеу үшін картаны валидаторға салу жеткілікті. Нәтижесінде «Төлем сәтті жасалды» деген жазу шығады.
Екінші тәсіл Avtobys қосымшасы арқылы жол жүруді төлеу үшін өз смартфоныңызға орнату керек. Төлем тәсілін таңдау қажет болса – банк картасы немесе ұялы телефонның теңгерімінен төлей аласыз.
Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, бүгінде қала тұрғындарының көпшілігі жолақыны бұрыңғыдай төлеп жүр.
Осы уақытқа дейін 224 карта сатылды. №5 автобустың жолаушылары электрондық төлемнің ыңғайлы екендігін айтып, риза болуда.