KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мақаншылық спортшылар құрлықтық додадан алты жүлде алып қайтты

1.05.2019, 09:23 186

 Жақында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында джиу-джитсуден IV Азия чемпионаты өткен болатын. Осы жарысқа Үржар ауданының Мақаншы ауылынан 10 бала қатысып, жарыс қорытындысы бойынша үш алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алды.

 

Үржар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәрсенхан Қабдолдановтың мәліметінше, додада 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернар Сейпімәліков 16-17 жастағы спортшылар арасында комбат ережесі бойынша бірінші, ал классикалық стильде екінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты Асқар Қаженов, Дидар Сейпімәлік, Әлішер Оразбек пен Сымбат Мәдібеков те жүлделі орындарға табан тіреді. Ал Дубек Закиров 92 келіден жоғары салмақта чемпион атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен бірге, «Азияның абсолютті чемпионы» белбеуін иеленді.

 

Осы ретте джиу-джитсу күресіне балғындарды баулып жүрген жергілікті Найманбай орта мектебіндегі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Асхат Бапиннің еңбегін ерекше атап өткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу