KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Өскеменде полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды (ВИДЕО)

15.10.2019, 06:49 132

Өскеменде полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі сенімді ақпарат көздеріне сүйене отырып.

Оқиға 14 қазан күні сағат 12:00 шамасында болған. ШҚО Қылмыстық атқару жуйесі ОВ 156/2 тузеу мекемесі басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры А. үйінің жер асты жайында өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Арқанға асылып тұрған жерінде оны жұбайы тауып алып, дер кезінде жедел жәрдем шақыртып үлгеріпті. Полиция қызметкері қазір жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы аса ауыр. Механикалық асфиксия салдарынан 2-ші деңгейдегі комаға түскен.

Қазір полиция қызметкерінің жұбайы әлеуметтік желі арқылы жолдасымен болған жағдайды баяндап, ҚР Президентіне үндеу жариялаған видео таратуда. Айтуынша, 39 жастағы майордың мұндай қадамға баруына жұмысындағы жағдай себеп болған екен.

Айта кетсек, өз-өзіне қол жұмсамақ болған полиция қызметкері жоғарыда аталған түзету мекемесінде осы жазда асылып қалған сотталушы Андрей Кондратенконың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив