«Көршілерге жақындай түсеміз». Қазақстанда бензин қымбаттайды
Қазақстанда бензин бағасы бір айдан кейін біртіндеп өсе бастауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
– Алдағы бір, бір жарым айда алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бензин және дизель отыны нарығында қандайда бір ауытқулар жоқ... Бензин бағасы төмен және дизель отынының да бағасы аса қымбат емес деуге болады. Менің айтайын дегенім, бізде бензин бағасы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен салыстырғанда әлдеқайда төмен, – деді Қанат Бозымбаев.
Алайда уақыт өте келе Қазақстандағы жанар-жағармай бағасы Ресейдікімен теңесетінін атап өтті министр.
– Біз мәжбүрлі түрде осыған барамыз. Бұл кезең-кезеңімен болатын жағдай. Көршілерге жақындай түсеміз, – деді ведомство басшысы.