KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан суперкубогы: «Алтай» «Ертіс-Қазхромды» талқандады

16.10.2019, 11:46 229

«Алтай» ел суперкубогы үшін жарыста екінші жеңісіне жетті. Жаңа ғана аяқталған кездесуде жерлестеріміз Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» 3:0 есебімен талқандады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еске салайық, Талдықорған қаласында өтіп жатқан жарыстың алғашқы күнінде алтайлықтар «Алматы» волейболшыларын 3:1 есебімен тізе бүктірген-ді.

Ал бұл жолғы кездесудегі есеп тіптен ірі болды. Италиялық бапкер Лука Кьяппинидің шәкірттері бірінші партияны 25:17 есебімен өз пайдасына аяқтаса, қалған екі кезеңде 25:21 және 25:15 нәтижелері тіркелді.

Айта кетейік, қос ұжым соңғы рет осыдан шамамен бір ай бұрын бұрын өткен Қазақстан кубогы үшін доданың финалында кездесіп, ол ойында да өскемендік волейболшылардың мерейі үстем болған еді. Есеп 3:0.

Енді жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісу» волейболшыларымен шеберлік байқаспақ. Бұл ойын ертең, 17 қазан күні кешкі сағат 19:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив