"Басқа амал болмады" – ШҚО-да тұзаққа түскен аюды атып тастады
Алтай ауданындағы Северное елдімекенінің тұрғындары ауыл сыртынан аюдың ақырғанын естіген. Кейін жыртқыштың тұзаққа түскені анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.
– Бізге мұны тұрғындар хабарлады. Ауылдан 3 шақырым қашықта 2 жасар аю тұзаққа түсіп қалыпты. Өкінішке қарай, жыртқыштың жанын одан әрмен азапқа салмау үшін, атып тастаудан басқа амал болмады, – дейді қорықшы Анатолий Падерин.
Сонымен, аю атылды.
– Тұзақ құру – аярлықтың белгісі. Броконьерлердің бұл ісі түз тағысы тұр ғой, малға, қала берді адамға қауіпті. Мұндай тұзаққа сиырдың түсіп, өліп қалғанын көргенбіз, – дейді қорықшы.
Әлбетте, Алтай тауында, Алтай ауданында аюдың омартаны отындап, басқа да зиянын тигізіп жататыны таңсық емес. Десе де, қорықшылар табиғаттың бір жаратылысы – аюға тұзақ құрып, азаптап өлтірмеуге шақырады.