KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» «Зауральені» жеңе алмады

16.11.2019, 03:21 137

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті туры аясында Өскеменде Қорғанның «Зауральесімен» кездескен «Торпедо» 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.


Осылайша жерлестеріміз қатарынан үшінші ойында жеңіліс тауып, турнир кестесінің 10-шы сатысына түсіп қалды. Еске салайық, осының алдында Алексей Ждахин шәкірттері «қазақстандық дербиде» Қарағандының «Сарыарқасына» екі рет есе жіберген болатын (есеп 3:4 және 0:2). Енді міне, дәл сол 0:2 есебімен «Зауральеге» де жол берді.
Айта кетейік, негізінен торпедолықтардың басымдығымен өткен матчтағы алғашқы шайба кездесудің аяқталуына төрт минут қалғанда соғылды. «Торпедо» ойыншысының айдыннан қуылуын сәтті пайдаланған қорғандықтар Дубиннің көмегімен есепті ашты. Ал араға үш минут салып қонақтар тағы бір мәрте көзге түсіп (Мнихович), кездесу нүктесін қойды. Қорытынды есеп 0:2.
Бүгін жерлестеріміз Учалы қаласының «Горнягін» қабылдайды. Б.Александров атындағы спорт сарайында өтетін ойын кешкі сағат 17:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив