«Торпедо» ЖХЛ-дағы ойындардың тең жартысында жеңіліс тапқан
Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 30-шы турында Челябі қаласында жергілікті «Челметпен» кездескен «Торпедо» қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп, турнир кестесінде тағы бір сатыға төмендеді.
Бұл жерлестеріміздің жаңа маусымдағы он алтыншы жеңілісі болды. Демек, торпедолықтар екі ойынның бірінде қарсыластарына жол береді деген сөз. Челябідегі кездесуде де жерлестеріміз қарсыластарына бәлендей қауқар көрсете алмады. Аталған ойындағы «Торпедоның» жалғыз шайбасын шабуылшы Кирилл Полозов соқты.
Жоғырда жазғанымыздай, осы сәтсіздігінен кейін турнир кестесінде бір сатыға сырғынан Алексей Ждахин шәкірттері қазір 11-ші орынды місе тұтуда.
Келесі кездесуін өскемендік ұжым 5 желтоқсан, бейсенбі күні өз айдынында «Рязаньмен» өткізеді. Бұл ойын кешкі сағат 18:30-да басталады.