KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 0,7 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

ШҚО өнер музейінің «AРT ЗАМАН» атты көрмесі Павлодарда ашылды

9.10.2019, 11:01 160

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінің қорындағы туындыларынан құралған «AРT ЗАМАН» көрмесінің ашылуы өтті. Шығыс Қазақстандағы "AРT-ЗАМАН" музей жобасы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрмеде қазақстандық суретшілердің 30-ға жуық кескіндеме, графика және гобелен техникасында салынған туындылары ұсынылды. Оның ішінде мақтан тұтар, қазақстандық көркемсурет мектебінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің, қазақстандық «алпысыншы жылдағылар» – Салихитдин Айтбаев, Бахтияр Табиев, Исатай Исабаевтың, сондай-ақ, Шығыс Қазақстандық Марат Жүнісов, Әлібек Шоқанов және Қайсан Қадырбеков сынды суретшілердің картиналары қойылды. Сондай-ақ, алматылық суретші Мәлік Мұқановтың шеберханасында жасалған гобелендер көрермендер назарына ұсынылды.

Көрмеде ұлы ақын, демократ және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай Нұрбұлан Өтепбаевтың заманауи графикалық техникада салынған Абайдың ең үздік портреті қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Е.Н Дәуенов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Б.Бегалиева қатысты. Шара барысында Павлодар облыстық көркемсурет музейінің басшысы А.Н.Нұрғамысова, Шығыс Қазақстан өнер музейінің директоры Б.Ұябаева, Павлодар облыстық суретшілер одағының мүшесі, суретші А.Игембаев сөз сөйледі. Көрмеге Павлодар облысының жоғарғы оқу орнының студенттері, мектеп оқушылары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері және қала қонақтары қатысты. Кеш қонақтары ұсынылған көрмеден рухани ләззат алып, жоғары бағалап қайтты.

– Қазіргі кезде, "Қасиетті география" жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған Павлодар облыстық көркемсурет музейінің «Қасиетті жерлерге саяхат» көрмесі де Шығыс Қазақстан елінің көңілінен шығып, жұрттың ризашылығына бөленуде. Осындай іс-шаралар мәдени мұраның ошағы саналатын музейлердің өз ара бір-бірімен тәжрибе алмасуына зор мүмкіндік тудырары сөзсіз, – дейді облытық музейдің директоры Б.Ұябаева.

«Арт Заман» көрмесі Павлодарда 6 қарашаға дейін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив