Өскеменде жастар тәжірибесінен өтуге болады
Қалалық Жұмыспен қамту орталығы жоо мен колледждердің түлектерін жастар тәжірибесінен өтуге шақырады. Бұл жастарға ары қарай жұмысқа тұру үшін жақсы мүмкіндік береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен қаласының Жұмыспен қамту орталығы оқу орынын 2017-2019 жылдар аралығында тәмамдаған түлектерді қабылдауға ниетті. Тәжірибеден өткен уақытқа айына 66 мың теңге мөлшерінде еңбекақы төленеді екен. Қатысушылардың жасы 29-дан аспауы керек.
Өтінім берген түлектер қаладағы кәсіпорындардың бірінен өз мамандығына қарай тәжірибеден өте алады. Тәжірибеден өту уақыты – 6 ай.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
Мекен-жайы: Тургенев көшесі, 30.
Байланыс телефондары: 29-33-74.