KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Дүкен иесі сатушыға сенген, ал сатушы 2 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденген – Глубокое

9.02.2021, 11:01 147

Глубокое ауданының ПБ «102»жедел арнасына 52 жастағы дүкен иесі хабарласып, 2020 жылдың шілдесінен бастап үстіміздегі жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде оның сауда нүктесінің сатушысы өзіне сеніп тапсырылған қаражатты, яғни 1 710 000 теңгені өз пайдасына жұмсап тастағанын жеткізді.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Глубокое ауылының 31-жасар тұрғынын бөлімге жеткізді, ал тергеу іс-әрекеттері барысында сатушы кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 189-бабы,1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу