KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да үш бала ұялы телефоннан жарақат алды

21.09.2019, 14:01 120

ШҚО-ның дәрігерлері дабыл қағуда. Балалар ұялы телефоннан бас сүйек-ми жарақаттарын алып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телефонды нәрестелердің аналары абайсызда құлатып алатын көрінеді. Мұндай жағдайлар баланы тамақтандырып отырып, ұялы телефонды пайдаланғанда жиі болады екен.  

Қазір әйелдер телефонмен бір сәтке де ажырамайды. Соңғы оқиғалардың бірі перзентханада болған. Жас ана туыстарына қоңырау шалып жатып, телефонды қолынан түсіріп алады. Жаңа ғана дүние есігін ашқан нәрестенің бас сүйегі ауыр жарақаттанып, нейрохирургия бөліміне емделуге ауыстырылыпты.

Өткен жылы сәбилердің ұялы телефоннан жарақаттануы бойынша бес оқиға тіркелген еді.

- Аналары баласын емізіп отырып, телефонды иықтарына қыстырып, сөйлеседі. Телефон сәбилердің басына құлап, милары шайқалады. Тіпті, бас сүйектің сынған кездері де болған, - дейді Ана мен бала орталығындағы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Қизатуллин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив