«240 сағат ауылда». Семей жастары жаңа жоба бастады
«240 сағат ауылда». Семей жастары тың жоба бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семейдің жастары «240 сағат ауылда» жобасын бастады. Жобаға қалада туып өскен, ауыл тірлігінен бейхабар жастар қатысады. Жоба аясында қала жастары 10 күн уақыт ішінде ауылдағы тыныс-тіршілікпен танысады. Жоба қатысушылары Көкентау ауылына орналасты. Алдағы күндері жастардың ауылда өткен күндері бейнесюжет арқылы халыққа жолданатын болады.
Жастар жылы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік қызметі аясында «Шығыс Жастары» ҚҚ ұйымдастыруымен Көкентау ауылында «240 сағат ауылда» жобасы өз жұмысын 17-ші қыркүйектен бастады.