"13 870 ана" – ШҚО-да 100 мыңдай адам атаулы әлеуметтік көмек алады
ШҚО-да 18 995 отбасы, яғни 91 252 адам атаулы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі қоғамдық комиссия отырысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Ошақбаев айтты.
Жалпы көмек алушылардың (91 252 ):
- 55 779-ы балалар (61%);
- еңбекке қабілетсіз ересек адамдар - 4 298 немесе 4,7% (мүгедек жандар, зейнеткерлер және студенттер);
- 13 870 аналар 7 жасқа дейінгі балаларды күтімі бойынша (олардың, Заңнамаға сәйкес, белсенді шараларға қатыспауға құқығы бар).
– Жалпы, 14 285 адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3 020 адам тартылды, оның 2 440-ы тұрақты жұмысқа, 580-і уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, – деді Ерболат Ошақбаев.