KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Енді ағаш кессеңіз де ХҚКО арқылы

11.09.2019, 05:33 168

Өңірде Жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне өзгерістер енгізіліп, бұдан былай елді мекен ішіндегі қураған немесе кедергі келтіретін ағаштарды кесуге рұқсат Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын болды.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған қаулы жобасына сәйкес, бұдан былай өңір тұрғындары елді мекен ішіндегі ағашты кесуге рұқсат қағазын «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ала алатын болды.

– Бұған дейін аталмыш жұмыстар Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдері арқылы алынып келген, – дейді облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайрақанова. – Ол кезде бөлім маманының қолы босағанша ұзақ күтіп, я болмаса басқа күні келуге мәжбүр болып жататын тұрғындарымыздың қарасы көп болатын. Бұдан былай аталмыш қызмет мемлекеттік қызмет түріне жатқызылып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болды. Енді азаматтар рұқсат алуға үйден шықпай-ақ eGov.kz порталы арқылы электронды түрде немесе ХҚКО-ға барып жазбаша түрде тапсырыс бере алатын болды.

Қоса кетсек, мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі 10 жұмыс күнін құрамақ. Осы уақыт аралығында тапсырыс берген азаматтың қолына ағаштарды кесіп немесе кеспеуге, орнына жас көшет отырғызуға рұқсат беретін анықтама табыс етіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив