KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Мекен-жай туралы анықтама берілмейтін болды

29.10.2019, 19:19 267

Азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру процесі электронды форматқа көшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын алу - ең көп қолданылатын мемлекеттік қызметтердің бірі. Жылына тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады екен.

- Анықтама алу үшін адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтеді. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіріп, қызметті жеңілдетті. Мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар, - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

 Уақытты үнемдеу үшін мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив