Тарғындағы "асығыс" жасалған ойын алаңқайы қайта жөндеуден өтті - Ұлан ауданы
Ұлан ауданы Тарғын ауылында салынған «су жаңа» ойын алаңқайындағы олқылықтар реттелді. Енді ауылдағы балалардың саусақтарына шеге кіріп, жамбастары ауырмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыған дейін біз Тарғын ауылында 10 миллион теңгеге салынған ойын алаңқайы жайлы сюжет түсірген болатынбыз. Ашылмай жатып әткеншектері қирап қалған ойын алаңқайын мердіргер компания жөндеуден өткізіпті.
– Ойын алаңқайы жөндеуден өтті. Арнайы комиссия мүшелері атқарылған жұмыстарды тексеріп, қабылдап алды, – дейді Ұлан аудандық, Қоғамдық кеңес төрағасы Нұрхат Садықов.
Оқи отырыңыз