Жаңа маусым. Семейдің үш театры шоу бағдарлама ұйымдастырды
Семейде театр маусымы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры және «Дариға-ай» жастар театры бірлесіп, өнерсүйер қауымға мерекелік кеш ұйымдастырды.
«Бір мезетте – мәңгілік» атты шоу бағдарламамен ашылған театр маусымында қонақтар актерлермен бірге би билеп, театр әлеміне саяхаттады. Кеш барысында қал әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік кеш театр ауласында да, сахнасында да дүрілдеп өтті.
Оқи отырыңыз