Көпбалалы отбасының студенттері ШҚМУ жатақханасында тегін тұрады
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Бозанбай ауылындағы көпбалалы отбасымен кездесіп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Он баланы тәрбиелеп отырған Нұрлановтар отбасы, Бозанбай ауылында Аманжолов көшесінде тұрады. Бұл шаңырақтың үш бірдей баласы С.Аманжолов атындағы университетте білім алады. Қыздары Саида - "Туризм"-нің, Ажар - "Кәсіптік оқыту"-дың ал ұлдары Олжас – "Цифрлық гуманитаристика" мамандығының 2 курсында оқиды.
ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Күміс және Алтын алқамен марапатталған Майнұр Құрымбаеваға және Нұрлан Құрымбаевқа алғысын жеткізді.
Ректор Ғылыми кеңестің шешімімен шаңырақтағы үш баланың №3 студенттер үйінде тегін тұратынын айтты. Сонымен қатар, аты аталған студенттер "Жастар ШҚМУ" фитнес-орталығына жыл бойына тегін бара алады.
Отбасы мүшелері, ЖОО-ның ректорына әлеуметтік көмек көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді.