KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
521.81 543.67 5.05

«Қазақстан халқына» қорының қолдауы: Алтайдағы заманауи мектептің жаңа белестері

Фото: Алтай ауданы әкімдігі
Фото: Алтай ауданы әкімдігі
Кеше, 11:00 155 Төлеуғазы Жансая

Алтай қаласындағы №9 орта мектеп «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Мектепте робототехника кабинеттері, телестудия, арт-студия және шығармашылық шеберханалар ашылып, оқушылардың дамуына жағдай жасалды. Бұл кабинеттер мен зертханалар оқушылардың өз идеяларын жүзеге асырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, эмоциялық демалыс алуына мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мектепке арнайы барып, оқу орнының жаңашылдықтарын көріп қайтты. Әкім мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа зертханалар мен кабинеттердің оқушыларға тигізетін пайдасын атап өтті.

-STEM-зертханасының ашылуы математика, инженерия, технологиялар мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттырып, білім көкжиегін кеңейтуде. Заманауи зертхана оқушыларды нақты ғылымдарға қызықтырып, болашақта техникалық мамандықтарды меңгеруге ынталандыратыны анық,- деді аудан әкімі.

Сонымен қатар мектепте акт және спорт залдары мен кітапханаға жаңа жиһаздар мен құрал-жабдықтар орнатылды. Көрнекі оқу құралдары, шығармашылық бұйымдар және оқу-әдістемелік құралдар оқыту сапасын жақсартуға бағытталған. Мектеп директоры Назигүл Шоматова бұл жаңашылдықтарына тоқталды. 

-Қазіргі таңда мектепте 560 оқушы білім алуда. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгеннен кейін оқушылардың оқу үрдісіне деген қызығушылығы арта түсті, ал мұғалімдердің оқытуға деген ынтасы күшейді. Жақын арада мектеп ұстаздары Өскемен қаласындағы НЗМ базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді жоспарлап отыр. Бұл педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін көтеріп, оқыту сапасын жақсартуға көмектеседі,- мектеп директоры.

Заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар оқушылардың сапалы білім алып, үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл қолдау мен жаңғыртулар мектептің болашақтағы табыстарының негізі болмақ.


Фото: Алтай ауданы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу