KZ
Өскемен
-20°
туман жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Биыл Тарбағатай ауданында қай жолдар жөнделді?

pixabay.com

27.12.2024, 09:30 580 Төлеуғазы Жансая

Тарбағатай ауданында 2024 жылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, нәтижесінде ауданның инфрақұрылымын дамытуға ықпал етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы аудандық маңыздағы барлық ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдар 100% асфальт жолмен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл тұрғындарының қозғалысын жеңілдетіп, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазір ауданның басты назарында спутник ауылдар мен ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары тұр. Жолдарды жөндеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үлесі 92,6% жетеді, ал қазіргі көрсеткіш 84,5% құрайды.

2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, ауылдардың ішкі көше жолдарына барлығы 60 шақырымға жуық автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс аймақ басшысы Ермек Беделбайұлының бастамасымен жүзеге асырылған «Жол жылы» жобасы аясында қарқын алды. Ауданда асфальт-бетон зауыты орнатылып, жол жөндеу жұмыстарының сапасы артты.

2024 жылы облыстық маңызы бар 45 шақырым автомобиль жолы толықтай орташа жөндеуден өтті. Олардың ішінде Маңырақ-Бозша (15 шақырым), Қарасу-Ақмектеп (12 шақырым), Ақжар-29 (18 шақырым) жолдары жөнделді. Аудандық маңызы бар 39 шақырым жол да орташа жөндеуден өтті, олардың арасында Жетарал-Асусай (28 шақырым), Омбы-Майқапшағай-Қарсақбай (11 шақырым) жолдары бар. Сонымен қатар биыл «Ақмектеп ауылына кіре беріс» 1 шақырым жолға орташа жөндеу, Жаңауыл-Ахметбұлақ аралығындағы 26 шақырым автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл 4 көшеге 2,5 километр асфальт төселсе, 11 көшеге 9,1 километр асфальт төселді. Бұл жұмыстар Ақжар, Тұғыл, Маңырақ және Жетіарал ауылдарын қамтыды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қарасу, Байтоғас, Жаңалық ауылдарының ішкі көшелерін орташа жөндеуге сараптама қорытындылары алынды.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 65,0 миллион теңге қаражат бөлінді, бұл жолдардың сапасын сақтау мен жөндеуді қамтамасыз ету үшін қажет.

Жалпы алғанда, Тарбағатай ауданында жүргізілген жол жөндеу жұмыстары ауданның инфрақұрылымын жаңғырту мен жақсартуға бағытталған ауқымды жобаларға айналды. Жолдар сапасының артуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және экономикалық дамуына оң әсер ететін болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу