ШҚО-да полиция қызметкерлері марапатталды
Биыл Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері шамамен 2500 түрлі қылмысты ашты. Бұл көрсеткіштер жеке құрамның ерлігі, табандылығы, қайсарлығы мен жанқиярлығының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024 жылы ШҚО полиция департаментінің қажеттіліктеріне жергілікті бюджеттен шамамен 14 миллиард теңге бөлінді. Республикалық бюджетті қоса алғанда, қаржыландырудың жалпы көлемі 19 миллиард теңгеден асты. Қаражаттың басым бөлігі штаттық құрамды ұстауға, еңбекақы төлеуге, қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін төлеуге және формалық киім сатып алуға жұмсалды. Биыл 135 автокөлік сатып алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері пайдаланатын қару-жарақ пен арнайы құрал-жабдықтар жаңартылуда.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстық полиция департаментінің қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтап, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауда ерекше үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл облыста жол ережелерін бұзушылықтарды анықтап, деректерді автоматты түрде өңдейтін «Кибер-шериф» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды. Сонымен бірге қызметкерлердің мобильді құрылғыларынан алынған деректерді сақтау мен өңдеуге арналған «Цифрлық полицей» жүйесі енгізілді.
Самар және Тарбағатай аудандарының полиция бөлімдеріне автоматты телефон станциялары берілді. Катонқарағай және Марқакөл аудандарында «Диспетчерлік қызметтерді жедел басқару» бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылды. Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолының 66-шы шақырымында мобильді стационарлық бекет ашылды.
Полиция қызметі – тек жоғары кәсібилікті ғана емес, сондай-ақ жанқиярлықты, ерлікті және төзімділікті талап ететін мамандық. Құқық қорғау органдары әрдайым алдыңғы шепте, қоғамдық тәртіпті күзетіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап келеді.