KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Семейде шөп ұрлағандар ұсталды

18.08.2019, 10:48 563

Семейде шөп ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қалалық полиция басқармасының ақпаратына сүйенсек, шаруа қожалығының иесі тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, Семей-Абай тасжолының бойындағы алқаптан 100 түк шөп ұрлағаны туралы хабарлаған. Арыз беруші келтірілген шығын сомасын 35 000 теңгеге бағалапты.

 – Жедел басқару орталығының бейнекамерасының көмегімен полицейлер қаскөйлерді ұзатпай ұстады. Олар 1960 және 1980 жылы туған ағайынды азаматтар болып шықты. Шөп иесіне қайтарылды, – деп мәлімдеді ведомство.

Аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу