KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Республикалық конкурстың нәтижесінде 3000 грант игерілмей қалды. Енді қандай негізде бөлінеді?

14.08.2019, 03:40 256

2019-2020 оқу жылына арналған білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижелері бойынша 3 мың грант игерілмей қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

Ведомствода атап өткендей, аталған бос білім гранттары ережеге сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қайта бөлінетін болады.

Алайда талапкерлер қандай да бір жекелеген өтініш жазбайды. ҰБТ қорытындысы бойынша барынша жоғары бал жинаған түлектерге конкурстық негізде берілетін болады.

 Грант иегерлерінің тізімін жоғары оқу орындарындағы комиссиялар жария етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу