KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Барып тіркелу керек» – Семейде арзан бағамен көмір сатыла бастады

13.08.2019, 04:15 128

«Қыстың қамын жаз ойла!». Семейде әлеуметтік бағамен көмір сатыла бастады. Бұл туралы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Амантай Өтелбаев Ақпарат орталығында өткен баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Барлық дербес ұйым мен мемлекеттік мекемеге қалада жер үйде қанша адам тұратыны, қанша тонна көмір керектігін анықтау тапсырылды. Көмірдің тоннасы 7 400 теңге. Оған жеткізіп беру қаражаты қосылады. Біз бұл шараны араға делдалдар түсіп кетіп, халық қымбатшылыққа ұрынбау үшін ұйымдастырдық, – деді А.Өтелбаев.

Айтуынша, тасымалдаумен «Жігер» ЖШС айналысады. Оларға барып тіркелу керек. Мекеменің бөлімшелері 72 квартал ауданында, Знаменка трассасында және Шығыс (Восточный) кентіндегі 6 саяжай ауданында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу