KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, В
530.12 546.08 5.17

TikTok АҚШ аумағында қызметін тоқтатты

Pexels.com

Бүгін, 10:00 69 Төлеуғазы Жансая

Белгілі болғандай, 19 қаңтар күні TikTok АҚШ-тық қолданушыларға: 

«Кешіріңіз, TikTok-ты қазір пайдалану мүмкін емес. Америка Құрама Штаттары TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заң қабылдады. Өкінішке қарай, бұл қазірше TikTok-ты қолдана алмайтыныңызды білдіреді. Бірақ жақсы жаңалық та бар: Президент қызметіне кірісуге дайын отырған Дональд Трамп TikTok-ты қайта қолданысқа енгізудің жолын табу үшін бізбен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз!» деген хабарлама жіберген.

Қытайлық БАҚ-тардың жазуынша, TikTok -тың иесі — ByteDance компаниясына тиесілі CapCut, Lemon8, Gauth және Hypic қосымшаларының да АҚШ-тық қолданушыларға қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқаны туралы хабарлама жіберілген.

17 қаңтар күні АҚШ-тың Жоғарғы соты «TikTok-қа тыйым салу» туралы заңды қолдауға шешім шығарды. Бұл аталған заңның 19-шы қаңтарда күшке енуіне рұқсат берілгенін білдіреді. Жоғарғы сот шешім қабылдағаннан кейін Байден үкіметі мәлімдеме жасап, «TikTok АҚШ-тықтар үшін қолжетімді болуға тиіс», бірақ оның меншік құқығы АҚШ-қа немесе АҚШ-тың көңілі толатын басқа бір тарапқа тиесілі болуы керек деп атап көрсетті.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу