Өскеменде хоккей турнирі басталды. Алтайлықтар ресейлік аюлармен күш сынасады
Өскеменде Олимпиада чемпионы Борис Александровты еске алуға арналған шайбалы хоккей турнирі басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін де жазғанбыз, турнир Кубогын төрт команда сарапқа салады: «Алтай-Торпедо», «Торпедо-Жастар», «Алтай» (ШҚО) және «Кузнецкие Медведи» (Ресей))
Бүгін, 2 тамызда, сағат 13.00-де «Алтай» мен «Торпедо-Жастар», сағат 19.00-де «Кузнецкие Медведи» мен «Алтай-Торпедо» кездеседі.
Айта кетейік, матчтар күн сайын 4 тамызға дейін жалғасады. Кіру тегін. Хоккейшілерді қолдауға келіңіздер!
Оқи отырыңыз