KZ
Өскемен
+3°
плотный туман Штиль
521.53 601.01 6.43

"Алтай-Торпедо" екінші рет ел кубогіне ие болды

24.08.2019, 16:34 228

Өскемендік "Алтай-Торпедо" хоккей клубы ел кубогінің ақтық сынында петропавлдық "Құлагерді" жеңді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ойын бүгін Алматы шәрінде болды. Есеп - 3:2. Жерлестерімізден Александр Архипов (3-минутта), Александр Меньшиков (10-минутта), Максим Худяковтар (57-минутта) қарсылас қақпасын қақыратса, терістіктен келген команда сапынан Денис Стасюк (10-минутта), Дмитрий Исмагиловтер (51-минутта) мергендігімен көзге түсті.

Осылайша "Алтай-Торпедо" екінші жыл қатарынан ел кубогінің жеңімпазы болып отыр.

Айта кетейік, осы сында 3-орынға атыраулық "Бейбарыс" ие болды. Олар алматылық ұжымды 3:0 есебімен қапы қалдырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу