"Әке-шешесімен келіспей қалған" – ШҚО-да 18 жастағы қыз көпірден секірмек болды
Ұлттық ұлан сарбаздары Семейде Ертіске секірмек болған қызды құтқарып қалды. Оқиға кеше сағат 18:10 шамасында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әскери қызметкерлер көпірдің ернеуінде тұрған қызды кезекшілік барысында КамАЗ көлігімен өтіп бара жатып байқаған. Капитан Елдос Мұхамедиев пен №5511 әскери бөлімінің аға сержанты Біржан Ермұхамбетов сол арада көлікті шұғыл тоқтатып, жас қызды райынан қайтарады. Кейін де оның енді қайтып мұндай қадамға бармаймын деген уәдесін алады.
Әскерилер қызды қалалық полиция басқармасына табыстады.
Қыз, өзінің айтуынша, 2001 жылы дүниеге келген. Оны көпірден секіруге әке-шешемен арадағы келіспеушілік итермелепті.