KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай байқау жарияланды

29.07.2019, 11:41 163

Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Абайдың 175 жылдығына орай байқау жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байқау Абайтанушы Алтыбаев Қалибек Қизатұлының ақын шығармаларына арналған сөзжұмбақтары бойынша өтпек. Қорытындысы Хакім Абайдың мерейтойында шығарылады. Сөзжұмбақтарды шешуге белсенді қатысып, дұрыс жауабын тапқандарға арнайы сыйлықтар беріледі.

– Жазылмай қалған құпия сөзді тауып, сандарды әріптермен айырбастағанда қазақ балаларының мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы Абайдың өлеңінен үзінді шығуы қажет. Жауабын әлеуметтік желідегі парақшамызға «комментарий» қылып жазыңыздар.

Жолдаған жауаптарға қарай қорытындысын жариялап отыратын боламыз, – дейді, кітапхана қызметкерлері.

I. «Білімдіден шыққан сөз» өлеңіндегі «Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын 12, 16, 8, 13, 1».
II. «Мәз болады болысың» өлеңіндегі «Күлмең 10, 2, 17, 11, 1 қасқайып, Салынып ап мақтанға».
III. Жиырма алтыншы ғақлиясындағы ұяларлық нәрседен ұялмайтын адам - 2, 10, 11, 7, 2, 10.
IV. «Дүтбайға» өлеңіндегі «Құбылуы ойының – Кетпей құйтың 16, 9, 18, 16, 19, 13».
V. А.А. Дельвигтен аударған «Сұрғылт тұман дым бүркіп»туындысындағы «Бүгін - жалын, ертең - шоқ», 12, 16, 6, 4, 13, 12, 14, Бетті жу!».
VI. «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңіндегі «Ұрлық пенен қулыққа,12, 2, 3, 6, 2, 17, 2, 19, 4, 2 кестің бау».
VII. «Күлембайға» өлеңіндегі «Пысықтың 18, 20, 12, 13 бұғып жүр, Беттесе алмай шаңқылдап».
VIII. «Әбдірахман өліміне» арнауындағы «Қалжыңы, шыны аралас, Өмірім аз 4, 16, 1 білдіріп».
IX. Отыз сегізінші ғақлиясындағы тілеу, сұрау деген мағынаға қолданылатын сөз (арабша) - 9,2,7,17,11.
Х. «Әсетке» өлеңіндегі «5,10,11,17,2,19 білер әр сөзді, Надандай болмас ақ көзді».
XI. И.В.Гете - М.Ю.Лермонтовпен аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіндегі «Ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым- жырт, дел-сал 10,11,1».
XII. «Сегіз аяқ» өлеңіндегі «Қайнайды қанық, Ашиды жаның, Мінездерін 18, 20, 8, 15, 16, 19, 4,16».

Кітапхананың парақшасы: https://vk.com/bokei_kitaphana.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив