KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шығысқазақстандықтар шілдеде «жұлдызды жауынды» тамашалайды

22.07.2019, 09:48 367

Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары шілденің ортасынан бастап топ-тобымен аққан жұлдыздарды тамашалайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шілде айының орта шенінен тамыздың аяғына дейін түнгі аспаннан топ болып шоғырланып ағатын жұлдыздар легін ғылымда Персей шоқжұлдызы деп атайды. Метеорлар легі деуге де болады. Осы бір ерекше құбылыс биыл да қайталанбақ.

Астрофизиктердің айтуына қарағанда, алғашқы «жұлдызды жауын» 17 шілде күні «төпеп өтті». 24 тамызға дейін жалғасады деп отыр ғалымдар.

Көркем құбылысты көремін деушілер болса, Персей шоқжұлдызын аспанның солтүстігінен іздеуі керек. «W» әрпіне ұқсайтын Кассиопея шоқжұлдызынан сәл төмен, сол жағын ала орналасады. Әдетте «жұлдызды жауын» сағат 23.00-ден таңғы сағат 4.30-ға дейін толастамайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив