KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Семейдегі тозығы жеткен пандустар қашан жөнделеді?

7.08.2019, 05:36 109

Семейде жер асты өткеліндегі әбден тозығы жеткен пандустардың қашан жөнделетіні белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Семейдегі ыңғайсыз әрі ескі бірнеше пандустар жайлы жазған болатынбыз. Қала тұрғындарының арыз-шағымы ескеріліп, жөндеу жұмыстарының қашан жүргізілетіні белгілі болды.

– Жер асты өткелдерін жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 2019 жылға қойылған. Сондықтан жыл соңына дейін жөнделеді. Кәсіпкерлерге байқау жарияладық. Байқауда жеңген компаниямен келісімшарт тамыздың ортасында бекітіледі. 1-ші қазанға дейін ескірген пандустарды жаңартамыз. Алаңдауға еш себеп жоқ, – дейді Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов.

Айта кетсек, жөндеу жұмыстары Шәкәрім даңғылы мен Қайым Мұхамедханов көшесіндегі жер асты өткелдерінде жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив