Семейдегі тозығы жеткен пандустар жөнделіп жатыр
Семейде жер асты өткелері мен пандустарды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Семейдегі ыңғайсыз әрі ескі бірнеше пандустар жайлы жазған болатынбыз.
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов, 1-ші қазанға дейін жөнделеді деп уәдесін де берген болатын. Осыған байланысты, Шәкәрім даңғылы бойындағы жер асты өткелін жөндеу жұмыстары басталды.
Оқи отырыңыз