Қазақстан меморгандары алты айда автокөлікке 17 миллиард теңге жұмсаған
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі мемлекеттік органдар 17,2 миллиард теңгеге автокөлік сатып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Көлік саласындағы кәсіпкерлер одағы мәлімдеді. Ондағы ақпараттарға сүйенсек, көліктердің 99% Қазақстан құрастырылған. Осы орайда кәсіпкерлер отандық автоөнеркәсіп мемлекет тарапынан ынталандыру шараларына мұқтаж екенін де атап өтті.
– Жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы қайтарымды негізде жұмыс істейді. Еуропада немесе Ресейде осыған ұқсас бағдарламалар мемлекет несие бойынша пайыздық мөлшерлемені өтеусіз негізде субсидиялайды, – деп мәлімдеді Кәсіпкерлер одағы.